Новость #531 Статистика

Алаш тұлғалары: тағдыры мен тағылымы

«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес кафедраның қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Дәуітхан Айтжанұлы Рахымқұлов №10 «Ақ қайын» Студенттер үйінде «Алаш тұлғалары: тағдыры мен тағылымы» атты тақырыпта дәріс оқыды. Шараға кафедра ұстаздары, студенттер қатысты.
Алдымен дәрістің мақсаты жан-жақты түсіндіріліп, Алаш тұлғаларының қалдырған рухани мұраларының өскелең ұрпақ үшін аса зор маңызға ие екендігі ерекше аталып өтті. Алаш зиялыларының қалыптасу жолы бірдей болмағанын, әрі ол күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болғаны жан-жақты баяндалды.

photo
Алаш арыстары: Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шоқай, Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы басқалары тәуелсіздік ісіне, қазақ халқының өркениет жолымен дамуына зор үлес қосқан тұлғалар.  Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білім-ғылымға деген құлшынысты ояту қажет екенін жақсы түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналғаны тарихи мәліметтермен келтірілді. Сондай-ақ дәріс барысында студенттерге ХХ ғасырдың бас кезінен бастау алатын Алаш қайраткерлерінің ұлт-азаттық қозғалысы 30-жылдардың аяғына дейінгі тарихи кезеңді қамтығаны туралы айтылды. Кеңестік билік Алаш арыстарының белсенділерін әр түрлі айыппен қуғын-сүргінге ұшыратып, жазалады. Алаш қозғалысы дәуірінің қазақтың өткенін бағалаудың, өз заманын зерделеудің ұлт тарихындағы алғашқы кезеңі болды деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Мұндай  дәрістер арқылы студенттерді Алаш қайраткерлерінің мұраларына жан-жақты талдау жасай отырып, олардың азаттық үшін күрес идеяларына лайықты баға беруге,  ата-баба мұрасын қадыр тұтуға тәрбиелеуге болады. Бұл дәріс студенттердің білімге құштарлығын арттырып, оларды білімді өздігінен игеруге, бейімдеуге үлкен септігін тигізетін тағылымды шара. Сондықтан Алаш тұлғаларының қызметіне өткен дәуірдің тарихы ретінде ғана қарамай, оны бүгінгі заманымызбен үндес, өміршең көзқарастар жиынтығы ретінде бағалап, бүгінгі тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатқандығына ерекше мән беріп, одан үлкен үлгі-өнеге алғанымыз абзал. Бұл дәріс студенттерге Алаш қайраткерлерінің мұралары мен өмір жолы туралы білімдерін жетілдіруге және терең оқып тануға жетелейтін бағыт-бағдар болып табылады.   
 
 
Читайте также Архив новостей