Новость #209 Статистика

Айгүл Қосанованың лекция концерті

Сәуір айының 11-і күні оқу орнымызда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген  қайраткері, Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Айгүл Қосанованың лекция-концерті болып өтті.

фото
Тек еліміздің ғана емес, қасиетті қара домбырасымен АҚШ, Германия, Австрия, Франция, Англия, Малайзия, Израиль, Түркия, Араб әмірлігі, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей және тағы басқа мемлекеттердің төрінде қазақтың ән-жырын асқақтатып жүрген Айгүл ханым кездесуге өзі тәлім беріп жүрген шәкірттерін де ерте келіпті.

фото
О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтының директорыдиректоры Есенгелді Өміржанұлы Медеуов мырза кіріспе сөз сөйлеп, оқу ордамызға арнайы келіп, тағылымы мол рухани кешті ұйымдастырып отырған Айгүл ханым мен оның шәкірттеріне ұжымның атынан үлкен алғысын білдірді.

фото
Қазақтың дәстүрлі ән мектебі, соның ішінде Батыс мектебінің жырларынан шашу шашылған кештің алғашқы бөлімі Мұхит Мералыұлының әндеріне арналса, екінші бөлімінде Маңғыстаудың әйгілі «Жеті қайқысының» жырлары шырқалды.

фото
Дәстүрлі ән-жырға деген қазіргі жастардың ойын, пікірін білу мақсатында концерттік бағдарламадан өзге диалог ұйымдастырылып, студенттер өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап та алды.

Кештің үшінші бөлімі ХІХ ғасырда эпикалық кең тынысты әннің асқан шебері болған Мұхит мұрасын жеткізген Ғарифолла Құрманғалиев ағамыздың шығармашылығына арналды.

фото
Рухани іс-шараның аясында халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлы өнерінің ерекшеліктері, даму бағыты мен мектептері, бүгінгі ахуалы, келешегі, насихатталуы мен зерттелуі жайында зерделі ой айтылып, салиқалы сұхбат жасалып, әуезді, асқақ әндер шырқалды. Осындай кездесулер арқылы жастарымыздың бойында ұлттық рух қалыптасып, олардың дәстүрлі өнерге деген құрметі, сүйіспеншілігі арта түспек.

фото
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Фото: Мамыржан Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты