Новость #380 Статистика

Аграршы ғалымдар ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарымен Елбасы Жолдауындағы жаңа міндеттерді талқылады

Отандық ауыл шаруашылық білімі мен ғылымың көшбасшысы Қазақ ұлттық аграрлық университеті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 31 қаңтар күні жариялаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттарымен, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы өкілдерімен бірге талқылау жиынын өткізді.
Ағымдағы жылдың 6-ақпан күні оқу орнының Мәжіліс залында өткен жиынға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы мен Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының Баспасөз хатшысы, белгілі жазушы-публицист Қайым-Мұнар Табеев пен университеттің оқытушы-профессорлары, көрнекті ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

photo
photo
Жиынды университет ректоры, ҰҒА вице-президенті, академик Тілектес Есполов ашып, жүргізіп отырды. Оқу орны басшысы Елбасы Жолдауы – егемен еліміздің ертеңгі жарқын болашағының басты бағыты, демократиялық даму жолындағы тарихи шешім болғанын атап өтті.
«– Жолдауда Елбасы – «аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек» – деп, еліміздің ауыл шаруашылық саласына ерекше мән берді. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің алдында, әлемдік нарықта экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті, сапалы өнімдер өндірісін ұлғайту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр.» – дей келе ректор еліміздің аграрлық саласының көптеген позициялар бойынша органикалық азық-түліктің ірі экспорттаушысы болуына мүмкіндігі зор екенін атап өтіп, аграрлық секторды дамытуда университеттің атқарып жатқан іс-шараларына тоқталды. Ректор сондай-ақ, Халыққа Жолдауында Мемлекет басшысының өзге салалармен бірге ауылшаруашылық кешенге айрықша басымдық беруін университет ғалымдары мен оқытушылары, жалпы аграрлық сала мамандары ерекше ықыласпен қабылдағандарын жеткізді.
Университет басшысы өз сөзін: «Қазіргі кезде, Елбасы өзінің 40-тан астам өкілеттілігін Үкімет пен Парламентке беруді тапсырды. Алдағы уақытта көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жобаларға қатысты шешімдерді Үкімен пен Парламент дербес қабылдай алатын болады. Осы орайда халық қалаулыларына көп үміт артамыз. Біздің депутаттарымыз, экономикамыздың негізгі күші – ауыл шаруашылық саласын дамытуға қатысты қажетті заңдарды қабылдап, отандық агронеркәсіптің дамуына атсалысады деп сенемін.– деп түйіндеді.

photo
photo
photo
Қазіргі кезде халық қалаулылары белгіленген жоспар бойынша республикамыздың барлық өңірінде Елбасының Үндеуі мен халыққа арнаған Жолдауын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі жиын осы мақсатта іске асып жатқан шараның бір парасы.
Депутаттар өз сөзінде Елбасы айқындап берген бағыттарды халық арасында толықтай талқылап, оның мән-маңызын түсіндіру, барлық саяси күштермен, қоғам мен қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ел алдында тұрған өзгерістерді саралау, айқындау – барша қазақстандықтардың ортақ мақсаты болуы тиіс деді. Жиында сондай-ақ, университет ғалымдары сөз сөйлеп, Жолдау жүктеген жаңа міндеттерді тиімді іске асыруға байланысты нақты ұсыныс-ойларын ортаға салды.
Жолдау барысын талқылаған жиыннан кейін ректоры қонақтарға университеттің оқу-өндірістік базасымен таныстырды. Депутаттар 2016 жылы құрылған Агротехнологиялық Хаб жұмысымен танысып, студент жастармен пікір алмасты.
 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген Мамыржан Ботабеков
 
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты