Абай – ұлы тұлға - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1877 Статистика

Абай – ұлы тұлға

2020 жылдың 1 ақпанында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Агробиология» факультетінің «Топырақтану және агрохимия» мамандығының ПА-305Қ тобының қатысуымен «Абай – ұлы тұлға» атты Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерей тойына арналған тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Ол ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай – халықтың жоғын жоқтап, кемел жолға бастар жол іздеген тұлға. Сол жолда аянбай тер төгіп, өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы не жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымында бейнеледі.
 

Елімізде ғана емес, әлем елдеріндеде мерей тойға байланысты ауқымды шаралар атап өтілуде.

Абай өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйіп оқиды. Абай аудармаларын, қара сөздерін нақышына келтіріп топ студенттер оқыды. Абай тек қана өлең жазып қоймай, оларға әндер де жазды. Студенттердің орындауындағы ең тамаша әндерінің бірі «Көзімнің қарасын» өленін айтып, көрермендерді риза етті. Тәрбиелік іс-шара өте қызықты өтті және студенттер мен қонақтар жақсы әсер алды.
 

«Топырақтану және агрохимия» кафедрасының
оқытушылары
 Салыкова А. С.,
Василина Т. К., Утенбаева Г.А., Ертаева Ж. Т.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты