Новость #733 Статистика

1-желтоқсан Президент күніне арналған «Елін сүйген, Елі сүйген-Елбасы» атты мерекелік іс-шара

01.12.2017 ж. Ветеринария факультетінің «Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Президент күніне арналған «Елін сүйген, Елі сүйген-Елбасы» атты ВС- 413К тобы  студенттері мен кафедра оқытушыларының  қатысуымен мемлекеттік мерекеге арналған дөңгелек үстел өтті. Студенттер Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы туралы баяндамалар және презентация дайындап, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің басты жетістіктеріне тоқталды. Қатысушылар президент туралы өлеңдер оқып, әр түрлі мәселелер бойынша қызықты және мағыналы сайысқа белсене қатысты.  

photo
photo
photo
Дөңгелек үстелде талқылауға рухани жаңғыру бағдарламасы, жастарға арналған бағдарламалар сонымен қатар ауылшаруашылық секторына арналған бағдарламалар және латын әліпбине көшу туралы шағын пікір талас өтті. Мерекелік іс-шараға кафедраның профессоры Жамансарин Тоқтар Мадиұлы ақыл кеңесін айтып, батасын  берді.
Тәрбиелік іс-шараның мақсаты – Ұлт басшысы, Елбасымыздың еңбек жолын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Жастардың бойындағы шығармашылық таланттарын шыңдау, зеректікке баулу, тапқырлық қабілеттерін дамыту. Кафедраның профессорлары: М.С.Садуов,  А.Ж.Сахариянов, Т.М. Жамансарин осы шараға белсене ат салысқан студенттерге алғыстарын білдірді.
 
Ұйымдастырушылар:
Ветеринариялық-санитариялық сараптау және
гигиена кафедрасының оқытушылары
Шалхарова Д.Ж., Буркетбаева А.Н.
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты