"АМИНА" Медициналық пункті

Спорт және денсаулық
Спорт және денсаулық
Аурудың белгілері
У вас появились какие-то симптомы заболевания...
Біз туралы Аурудың белгілері Денсаулық сақтау міндеттері
ҚазҰАУ-дың күндізгі бөлімінде білім алатын студенттер Алматы қалалық студенттік емханасында қаралады. Университет аумағында студенттерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін Денсаулық сақтау пункті орналасқан. Денсаулық сақтау пунктінде  білім алушыларды қалалық студенттер емханасынан бөлінген 2 дәрігер және 4 медбике қабылдайды.
     
Денсаулық сақтау пунктінде келесі мамандар қызмет етеді:
  • Терапевт
  • Гинеколог.
  • Социолог
  • Психолог
Денсаулық сақтау пунктінде оқу жылы барысында бекітілген кестеге сәйкес студенттер кезекті медициналық тексеруден өтеді. Медициналық тексеру кезінде төмендегі іс-шаралар жүргізіледі:
- Флюрографиялық тексеруден өту;
- қан тапсыру (микрореакция, қант мөлшері);
- зәр талдаулары;
- мамандар қабылдауы (гинеколог, социолог, психолог)
- Терапевт маманның қорытынды тексеруі.
Сонымен бірге денсаулық сақтау пункті университеттегі әртүрлі іс-шаралар, спорттық жарыстар кезінде қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсетеді. Сондай-ақ, ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары) және тұмауға қарсы профилактикалық жұмыстар өткізіледі. Жоспар бойынша орман шаруашылығы және аң шаруашылығы мамандықтарында оқитын студенттерге профилактикалық екпелер жүргізіледі.   

Қымбатты студент!
Денсаулығыңызға қатысты туындаған кез келген жеке сұрақтар бойынша университеттің денсаулық сақтау орталығының қызметкерлеріне жүгінуіңізге болады!

 
«Амина» денсаулық пункті
 
  • Инфекциялық ауруды төмендету және олардың алдын алу үшін екпе шараларын ұйымдастыру;
  • денсаулық сақтау басқармасы ұйымдарының нұсқаулықтары мен бұйрықтарына сәйкес алдын-ала медициналық тексеру мен диспансеризациялық дайындық шараларын ұйымдастыру;
  • Университет аумағында дәрігерге дейін бірінші және шұғыл медициналық көмек көрсету;
  • Созылмалы ауру түрімен «Д» тіркеуде тұрған студенттердің денсаулығын бақылау;
  • жұмыс кестесіне сай амбулаторлық қабылдауды жүргізу;
  • Нашақорлық мен ЖҚТБ/АҚТҚ-ның, маскүнемдіктің, темекі шегудің алдын алу бойынша студенттер арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • Жатақхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылауда ұстау. 
Мекен-жайымыз:
Казахстан, 050010 г. Алматы, ул. Абая, 8 (Международный отдел) ПН-ПТ с 9 00 до 18 00.