Ғылыми кітапхана

Дерек қорлар
-------------------------------
Электрондық каталог
...............

Біз туралы Тарихы Миссиясы Прайс парақтары Тапсырыстар Дерек қорлар Сілтемелер
Басшылық
Ғылыми кітапхана директоры  
Айтуарова Азиза Малдыбаевна

тел. +7 (727) 262-17-24
e-mail:  Aziza.Aituarova@kaznau.kz, azizim_75@mail.ru
 
 
Кітапхана ісі жөніндегі директордың орынбасары 
Ақшалова Айгуль Болғанбаевна 
тел. +7 (727) 262-18-92
e-mail: akshalova64@mail.com
 

Құрылымы

Каталогтарды ұйымдастыру және жинақтау бөлімі
 
Бөлімнің міндеті университеттегі мамандықтарға сәйкес өз пайдаланушыларына дәстүрлі және электронды ақпараттардың мемлекеттік және басқа да тілдердегі құжаттар қорын қалыптастыру болып табылады. Қорға түскен  жаңа әдебиеттер мен басқа да құжаттарды ғылыми жүйелеу, каталогтандыру, техникалық өңдеу жұмыстарын  дәстүрлі және автоматтандырылған жүйеде жүзеге асырып, кітапхананың бас каталогын ұйымдастырады.
Жинақтаудың негізгі көзі - кітап дүкендері, баспалар, жылына 300-ден астам мерзімдік басылымдарға жазылады. 
                                                            
photo

Ғылыми-библиография бөлім
 
Ғылыми-библиография бөлім - электронды каталогтың қазақ және орыс тілдерінде мақалалардың ДҚ, ИРИ және ДОР жүйесі бойынша ақпараттық қызмет көрсетеді. ҚазҰАУ ғалымдарының дербес көрсеткіштерін, ақпараттық бюллетендер «Жаңа әдебиеттер», әдебиеттің ақпараттық тізімдерін қазақ және орыс тілдерінде шығарады.
Жаңа әдебиеттер бойынша  «Кафедралар күні», «Ақпарат аптасын», тақырыптық көрмелер, әдебиеттік шолулар, белгілі адамдармен кездесулер ұйымдастырады.
Университеттің 1-ші курс студенттерімен жыл сайын библиографиялық сабақтар өткізіледі.
photo

Ғылыми-әдістеме жұмыстар бөлімі
 
Ғылыми-әдістеме жұмыстар бөлімі - кітапхананың бөлімдері қызметкерлеріне кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызметті жетілдіруде кеңес беріп, әдістемелік көмек көрсетеді. Қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру бойынша іс-шараларды – конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. Кітапхана ісінің озық іс-тәжірибелерін зерттеп, насихаттап, өз қызметіне енгізеді.
 
photo

Автоматтандыру бөлімі
 
Автоматтандыру бөлімі негізгі кітапханалық процестерді автоматтандыруды программалық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, кітапхананың электрондық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асырады: тақырыптық толық-мәтінді деректер базаларын, университеттің электрондық кітапханасын құрады, сырттан толық мәтінді деректер базаларын «РЖООАЭК», «ҚазҰЭК» «Tomson Reuters», Springer, «Polpred.com», «Scopus», DOAJ, Soil, CD-ROM, аудио-бейнекөру құжаттар қорын қалыптастырады. 
   
photo

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
 
Ғылыми кітапханасының оқырмандары – университеттің студенттері, оқытушылары және қызметкерлері.
Кітапханалық және ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету оқырмандардың барлық санаттарына бірыңғай оқырман билеті арқылы жүзеге асады. Оқу залы тек ағымдағы жылға қайта тіркелген студенттерге, магистранттарға, оқытушыларға және университет қызметкерлеріне бірыңғай оқырман билеті бойынша қызмет көрсетеді. Абонементте кітапхананың электронды каталогы бойынша ізденіс жасауға немесе сұранысын нақтылауға автоматтандырылған жұмыс орны жабдықталған.
 
Соңғы жаңалықтар Танымал Оқылған Жаңалықтар мұрағаты
«Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік бастауы»
Жарияланды: 6 желтоқсан, 2017 | Қаралғандар: 27
Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеу орталығы, «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті»...
Мекен-жайымыз:
Қазақстан, 050010 Алматы қ., Абай көшесі, 8 Дс-Жм/ПН-ПТ/Mn-Fr с 9 00 до 18 00.