Событие #52 Статистика

«Жас ғалымдардың АӨК-ң индустриалды-инновациялық дамуына қосқан үлесі» атты жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады

Құрметті жас ғалымдар!
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті Сіздерді 2016 жылдың 21-22 сәуірде өтетін «Жас ғалымдардың АӨК-ң индустриалды-инновациялық дамуына қосқан үлесі» атты жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.

Конференцияның тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Конференция мақсаты – магистранттар мен жас ғалымдардың творчестволық белсенділігін арттыру, оларды замануи аграрлық ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, сонымен қатар агроөндіріс кешенінің индустриалдық-инновациялық дамуына әсер ету.

Конференция барысында төмендегідей секциялар жұмысы жоспарлануда:
- агробиология және экология;
- ветеринария;
- өнімді өндіру және өңдеу технологиясы;
- орман, жер, су ресурстары және жеміс-көкөніс шаруашылығы;
- агроинженерия, энергия үнемдеу және кәсіптік оқыту;
- аграрлық экономика және құқық.

Конференцияның ұйымдастыру комитеті өту тәртібін төмендегідей айқындады:
- 21 сәуір пленарлық және секциялық отырыстар;

- 22 сәуір мына тақырыптарда мастер-класстар өткізу:
1. «Альвеографта қамырдың реологиялық қасиеттерін анықтау»;
2. «Ауыл шаруашылық жануарлардың сүтін бөлу»;
3. «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне байланысты микробиологиялық тәуекелдер»;
4. «Өсімдіктердің қоректену диагностикасы және оларды анықтау әдістері»
5. «Микробиологиялық зерттеулердегі дәл өлшеулер – сынақтардың шынайылығы мен ақпараттандырылуының басты шарты».
- конференцияны қорытындылау, резолюция қабылдау, жеңімпаздарды марапаттау.

Конференцияға сырттай қатысуға болмайды. Конференцияның басталу күніне қарсы конференцияның материалдар жинағы басып шығарылады. Конференцияға қатысу үшін 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін төмендегі материалдардыsmu.kaznau@gmail.com электронды поштаға жіберілу керек:
- қатысу өтініші;
- мақала;
- рецензия.

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетінің электрондық адресіне немесе көрсетілген телефондарға хабарласуларыңызға болады: 
+7 (727) 262-89-82;  
+7 (727) 267-65-37.

Ұсынылған материалдардың сапасы авторлардың жауапкершілігінде. Баяндама мәтіні түпнұсқа болып саналады және өзгертілмейді. Көрсетілген мерзімнен кеш келіп түскен баяндамаларды және рәсімделуі талапқа сәйкес болмаса, сонымен қатар конференция тақырыбына сай келмесе, ұйымдастыру комитеті баяндамаларды қабылдамауға құқы бар. Жол және тамақтану шығындары ұйымдастыру комитетінің жауапкершілігіне кірмейді, жатын орнын қалайтындарды жатақханаға орналастыра алады, бірақ орын шектеулі.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Жас ғалымдардың АӨК-н индустриалды-инновациялық дамуына қосқан үлесі» атты жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға
 
ӨТІНІШ
Қатысушының  Т.А.Ә. (толық)__________________________________________________________
Ұйым _______________________________________________________________________________
Қызметі _____________________________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі және атағы ___________________________________________________________
Мекен-жайы__________________________________________________________________________
Тел./факс ____________________________________________________________________________
E-mail _______________________________________________________________________________
Баяндаманың (мақала) аты______________________________________________________________
Секция ______________________________________________________________________________
Қатысушының қолы___________________________________________________________________

Баяндаманы рәсімдеу талаптары:

Мақала қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады. Мақала 3-тен 5 бетке дейін болуы керек және өз зерттеулерінің нәтижелері мен қорытындылары болуы қажет. Тек әдебиетке сүйенген шолу мақалалар қабылданбайды.
• Баяндама мәтіні компьютерде Times New Roman, Times Kaz редакторында, кегль көлемі 12, аралығы 1 жол, абзац – 1, орналастырылуы: жоғарғы және төменгі жағы – 2,5, сол жағы – 3, оң жағы – 1,5 см.
• ӘОЖ (үстінде сол жақта), бір жолдан соң ортада авторлардың аты-жөні қанық әріптермен, тағы бір жол төмен курсивпен авторлардың жұмыс орнының толық атауы жазылады. Тағы бір жол төмен ортада мақала тақырыбы бас әріптермен жазылады.
• Негізгі мәтіннің алдында мақала тілінде 10 жолдан аспайтын аңдатпа, жаңа жолдан кілт сөздер жазылады.
• Мәтін тексеріліп, мына бөлімдерден тұруы қажет: кіріспе, материалдар мен әдістер, зерттеу нәтижелері, нәтижені талдау, қорытынды. Қолданылған әдебиеттер тізімінен кейін бір жолдан соң ортада авторлардың аты-жөні, бас әріптермен мақала тақырыбы және түйіндеме қалған екі тілде (4-5 беттен кем болмауы тиіс). Суреттер мен сызбалар анық болуы керек. Қолданылған әдебиеттер сілтемесінде мақаланың барлық авторы немесе авторлары жазылы керек.
• Бөлімдердің аты: кіріспе, материалдар мен әдістер, зерттеу нәтижелері, нәтижелерді талдау және  қорытындылары жаңа жолдан, қанық әріптермен және нүктесіз жазылуы тиіс.
• Мәтінде астын сызу, қанық әріппен және курсивпен жазуға болмайды.

Мақаланы жариялау тегін.

фото
Мақаланы рәсімдеу үлгісі


ӘОЖ

Әкімжанов Д.Ш., Ниязбаев Ә.Қ.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

ЭНЕРГИЯНЫ ТҰТЫНУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ
 
Аңдатпа............
Кілт сөздер............ 
Мақала мәтіні.............. 
Қолданылған әдебиеттер тізімі
  
Акимжанов Д.Ш., Ниязбаев А.К.
Казахский национальный аграрный университет
ЭНЕРГОСБЕРЕЖЕНИЕ В СИСТЕМАХ ЭНЕРГОПОТРЕБЛЕНИЯ
 
Аннотация ..............
Ключевые слова .............
  
Akimzhanov D.SH., Niazbayev A.K.
Kazakh National Agrarian University
ENERGY SAVING IN SYSTEMS of ENERGY CONSUMPTION
 
Abstract.............
Keywords.................
 
Конференцияның ұйымдастыру комитеті
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты