Событие #94 Статистика

«Тәуелсіз елдің жастары – Ұлы дала тірегі!» атты салтанатты кеші өтеді.

Алматы қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақ ұлттық аграрлық университеті студент жастарының «Тәуелсіз елдің жастары – Ұлы дала тірегі!» атты салтанатты кеші өтеді.
Салтанатты кешке Қазақ елінің нығаюына айрықша үлес қосқан О.Сүлейменов, Б.Төлегенова, В.Сидорова сияқты Еңбек Ерлері, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, республика ауылшаруашылығы өндірісінің майталмандары, танымал ғалымдар мен халық қалаулылары, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Алматы қаласы мен басқа да облыс әкімдіктерінің өкілдері, белгілі қаламгерлер, республикамыздың ЖОО жетекшілері мен білім және ғылым саласының үздіктері, БАҚ өкілдері қатысады.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты