Событие #87 Статистика

Шетел жоғары оқу орындарына оқуға жіберу туралы

Іріктеуге 2-3 курс студенттері және 1 курс магистранттары қатыса алады. 5 жыл оқытылатын мамандықтар бойынша 4 курс  студенттеріне де жол ашық.
Конкурсқа қатысу үшін білім  алушылар міндетті түрде факультет деңгейінде тілдік мониторингтен  өтуге  міндетті. Тілдік мониторингтен  өткен  білім алушылар екінші қорытынды іріктеуден өтеді. Конкурстан өткен білім алушылар академиялық ұтқырлық орталығына  1 корпус, 36 кабинет) 2016 жылдың  31 желтоқсанына  дейін  міндетті түрде келесі құжаттарды өткізу керек:
  1. Конкурсқа қатысу  өтініші
  2. Транскрипт
  3. Сертификат (шет тілі)
  4. Шетелге оқуға шығуға арналған Қазақстан Республикасы азаматының анкетасы
  5. ҚР  Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген  келісім мен өтініштің үш данасы (№ 6-7 қосымша)
  6. Келісімде көрсетілген пәндердің білім алушының мамандығына сәйкес келетіндігі туралы тиісті  кафедрадан растау хаты
  7. Жеке оқу жоспар (магистранттар үшін)
  8. Кафедрадан  ұсыныс хат
  9. Медициналық анықтама (ҚР Денсаулық сақтау министрі м.а. 23.11.2010 ж. № 907 бұйрығымен бекітілген  шетелге шығатын азаматтар үшін)
  10. Грамота, сертификат, алғыс хат (бар болған жағдайда)
Құрметті білім алушылар, басқа да сұрақтарыңыз болса, академиялық ұтқырлық орталығына хабарласыңыздар.
Мекен-жай: Бас ғимарат, 36 каб.,
тел. 264-19-95
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты