Событие #159 Статистика

Пресс-релиз II Орта-Азиялық Агротехнологиялық Саммит


2017 жылдың 8 желтоқсанында ІІ Орта-Азиялық Агротехнологиялық Саммит Intercontinental Almaty қонақүйінде өтеді. Саммит Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені саласының инновацияларына арналған. Шараның ұйымдастырушысы Қазақ ұлттық аграрлық университеті.
Саммитке ҚР АШМ өкілдері, ведомствоға қарайтын ұйымдар, АҚШ ауылшаруашылық Департаменті, жетекші агроөндірістер, сала кеңестері, Қазақстан Республикасы агроөндірістік кешені және агрохимиялық компаниялар, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер, ғалымдар, Қазақстанның және шетелдің жетекші ғылыми және білім беру институттарының сарапшылары және тағы да басқа ұйымдар қатысады.
 
Өтетін күні: 8 желтоқсан 2017 ж.
Уақыты: 08.00-17.00
Өтетін орны: Алматы қ., InterContinentalAlmaty
 
Агросаммиттің мақсаты: Қазақстандағы агроөндірістік кешендер мәселелерін және инновациялар көмегімен оларды шешу әдістерін талқылау.
 
Шара аясында агробизнестегі өндіру және оны өткізу ақуалын көтеру бойынша сандық шешімдер талқыланатын болады. Ауылшаруашылығына жаңа технологияларды енгізудің шынайы үлгілері көрсетіледі, сонымен қатар тиімділіктің жаңа деңгейіне шыуға көмектесетін ауылшаруашылығындағы техникалар мен құралдар таныстырылады.
 
Саммит бағдарламасында тақырыптық панельдік сессиялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер: агробизнесті дамыту және қаржыландыру, сандық ауылшаруашылығы, мал жайылымы өнімділін оңтайландыру, карантиндік өсімдіктерді биологиялық бақылау, климат өзгеруі жағдайындағы өнімділік т.б тақырыптар бойынша өтеді.
 
Қатысушы елдер: Қазақстан, АҚШ, Италия, Ресей және т.б.
 
Agrohub.kz/ru/summit-2017
Нақты ақпарат алу және қатысуды бекіту үшін саммит үйлестірушісі Гульназ Искаковамен хабарласуыңызды өтінеміз.
Тел: +77075570770
Емайл: gulnaz.iskakova@gmail.com.
Самммитке қатысу ақысыз, бірақ орындар шектеулі. Тізімге енгеніңізді анықтаңыз.
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты