Событие #110 Статистика

ХХI-студенттік ғылыми конференция

     

    Бүгін, 17 ақпан күні, Ветеринария факультетінің  Ветеринариялық санитария мамандығында оқитын 1-5 курс студенттері мен «Ветеринариялық санитариялық сараптау жіне гигиена» кафедрасы ПОҚ-ы қатысуымен дәстүрлі ХХI республикалық ғылыми  конференциясының іріктеу кезеңі өткізілді. Конференцияға  43 студент қатысты, үздік жұмыстар келесі кезеңге жолдама алды.  Ғылыми зерттеу жұмыстары үш тілде қорғалды. Конференцияның ашылу салтанатында Ветеринария факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары  Қойбағаров Қ.У., кафедра профессорлары Мырзабеков Ж.Б., Сағындықов Қ.А., Жұмагелдиев А.А., Сахариянов А.Ж. алғы сөздерін айтып, студенттерге сәттілік тіледі. Барлық баяндалған жұмыстардың өзектілігі жоғары, тақырыптары қызықты болды. Әрбір баяндама профессорлық оқытушылар құрамы мен студенттер арасында қызу  талқыланып,  жоғары деңгейде бағаланды.

 
 

«Ветеринариялық санитариялық сараптау
және гигиена кафедрасының» меңгерушісі, PhD                          Алиханов Қ.Д.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты