Событие #162 Статистика

Хабарландыру! Әлем зертханаларындағы жазғы машықтанудан өту грантын жеңіп ал

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры ҚР азаматы болып келетін және Қазақстандық ЖОО-ның жаратылыстану-ғылыми және техникалық мамандықтарында оқитын 2-ші және 3-ші курс студенттеріне әлемнің зертханаларында ғылыми машықтанудан өту грантына байқау жариялайды.
 
ЕГЕР ДЕ СЕН:
  • Қазақстандық ЖОО-ның 2-және 3-курс студенті болсаң;
  • Сенің мамандығың жаратылыстану-ғылыми және техникалық болса;
  • Шетелдік үздік ЖОО-ның Ph.D бағдарламасына түсуді армандасаң;
  • Сенің ғылыми жобаларың мен осы салада ерекше жетістіктерің болса;
  • Ғылыммен айналысуды қаласаң және оны дәлелдей алсаң;
  • Сенің Қазақстанда ғылыми дымтуға және жұмыс істеуге ынтаң болса;
Сенің:
 
ГРАНТҚА ИЕ БОЛЫП, 2018 ЖЫЛДЫҢ ЖАЗЫНДА ҒЫЛЫМИ МАШЫҚТАНУДАН ӨТУГЕ МҮМКІНДІГІҢ БАР!
 
Бұл үшін 10.12.2017ж. мерзіміне дейін толықтырылған өтінім мен келесі құжаттарды жібер:
  • Жеке куәлік көшірмесі;
  • Сынақ кітапшасының көшірмесі (барлық сессияларды қоса);
  • Орта білім аттестатының және оның қосымшасының көшірмесі;
  • Диплом, сертификаттар және ғылыми конкурстық жұмыстардың көшірмесі;
  • «Маған Ph.D дәрежесі ... үшін керек» тақырыбында эссе;
  • ЖОО проректоры немесе ректорының мінездемесі;
Отінімді құжаттрамен бірге қордың электрондық поштасына жіберу керек: info@yessenovfoundation.org
 
Келесі байланыс телефондарына хабарласып, өтінімнің қабылданғанына көз жеткіз: +7 727 346 92 88
Байқаудың бірінші саты нәтижелері мен іріктеудің екінші сатысына өткендердің аты-жөні 08.01.2018ж. жабарлайтын боламыз. Бағдарламаның жеңімпаздары ақпан айының басында анықталады.
Байқау шарттары көрсетілген бағдарлама ережесі қор сайтында yessenovfoundation.org

Назарыңызға Рахмет!
Академиялық ұтқырлық және шетелдік оқу бағдарламалары орталығы.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты