Событие #109 Статистика

«ҚазҰАУ» КЕАҚ мен Жамбыл облысы әкімшілігі арасындағы қарым-қатынас жөніндегі Меморандумның орындалуы

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КЕАҚ облыстық, аудандық  ауылшаруашылығы басқармаларының қызметкерлері, қант қызылшасымен айналысатын шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылық жетекшілері мен мамандарына арнап «Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысы жағдайында қант қызылшасы мен май бұршақ өсірудің инновациялық технологиясы» тақырыбында семинар өткізеді.
Бағдарлама тақырыбы келесідей сұрақтарды қамтиды:
  • Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысы жағдайында қант қызылшасы өндірісінің инновациялық дамуының концепциясы;
  • қант қызылшасы мен май бұршақ өсірудің инновациялық агротехнологиялық тәсілдері, оның ішінде: топырақты өңдеу, тұқым таңдау және егуге дайындау, егу, егістікті күтіп-баптау (суғару, арамшөптермен, аурулармен күрес, тыңайтқыш қолдану, с.с.), егін жинау, тасымалдау, өнімді уақытша сақтау және т.б.;
  • қант қызылшасы мен май бұршақ өсіруде қолданылатын ресурс үнемдейтін және табиғат қорғайтын технологиялар және дақыл өнімділігі мен сапасын арттыру;
  • қант қызылшасын көшетсіз егудің инновациялық тәсілі.
Семинар бағдарламасы қант қызылшасы мен май бұршақ дақылдарын егумен айналысатын озық шаруашылықтардың мысалында заманауй ақпараттар алуға, қызылша өнімінің сапасын анықтаудың жаңа тәсілдерімен танысуға мүмкіндік береді. Тыңдаушылардың назары қант қызылшасы өндірісінде қолданылатын заманауй техникалар мен құрал-жабдықтарға аударылады. Семинарды қант қызылшасы мен май бұршақ шаруашылығы саласында көп жылдар зерттеу жұмыстарын жүргізген, мол ғылыми-тәжірибелік машығы бар ғалымдар – ауылшаруашылығы ғылымдарының докторлары мен кандидаттар, профессорлар жүргізеді. Курс арнайы ақпараттық техникалармен жабдықталған аудиторияда, тренингті-дискуссиялық формада өтеді.
Семинар соңында біліктілігін арттырғаны жөнінде арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
  • Өту мерзімі: 20 - 22 ақпан, 2017 жыл.
  • Өтетін орны: Алматы қ., Абай даңғ., ҚазҰАУ, 1 корпус, № 27 ауд.
 
Мекен жайымыз: 050010, Алматы қ., Абай даңғ., 8, 3 оқу ғимараты.
e-mail: ipk_kaznau@mail.ru, телефон: 8(727) 267-12-32
Ж.Жургенов, Біліктілікті арттыру институты директорының м.а.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты