Событие #84 Статистика

«Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы корпоративтік басқару: қағидаттары, нысандары және даму перспективалары» атты халықаралық семинар

2016 жылдың 3-4 қараша күндері, Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы корпоративтік басқару: қағидаттары, нысандары және даму перспективалары» атты халықаралық семинар өткізіледі. Семинарды Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп және Еуропалық Комиссияның білім, аудиовизуалды құралдар және мәдениет Атқарушы Агенттігінің (EAСEA) қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ: ҚАҒИДАТТАРЫ, НЫСАНДАРЫ
ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ»
 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР
 
БАҒДАРЛАМА
 
Алматы қаласы
3-4 қараша 2016 ж.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭРАЗМУС+ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КЕҢСЕСІ

 
 
Аталуы:  Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы корпоративтік басқару: қағидаттары, нысандары және даму перспективалары.
 
Өткізу күні:  3-4 қараша 2016 ж.
 
Мақсаты:
  • Қатысушыларды Еуропа Одағының (ЕО) жоғары білім орындарындағы корпоративтік басқару тәжірибесімен таныстыру және  қатысушылардың осы саладағы білім мен дағдыларын жүйелеу.
  • Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында корпоративтік басқару принциптерін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
 
Күтілетін нәтижелер:
  • Қатысушылар корпоративтік басқару саласындағы ЕО тәжірибесімен таныстырылды;
  • Қазақстан және ЕО жоғары оқу орындарында корпоративтік басқару саласындағы тәжірибесінің салыстырмалы талдауы негізінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында корпоративтік басқару принциптерін енгізу бойынша ұсыныстар жүзеге асырылды.
 
Қатысушылар: Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, оның ведомстволық бағынысты мекемелердің өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, жоғары білімді реформалау бойынша сарапшылар (ЖБРС).
 
Өткізу орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бас ғимараты, конференц-зал.
 
 
Байланыс:
 
Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы Ұлттық Кеңсесі
Мекен жайы: Қазақстан, 050059, Алматы қаласы,
әл-Фараби даңғылы, 21, 9 Блок, 226 офис,
Тел .: +7 727 3118645
E-mail: neo@erasmusplus.kz
Сайт: www.erasmusplus.kz
 
1-ші күн - 3 қараша 2016 ж.
 
 
8.30 – 9.00
 
 
Тіркелу
9.00 – 9.30 Ашылу рәсімі
Алғы сөз:
Есполов Тілектес Исабайұлы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры
Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру департаменті директоры, Жоғары білімді реформалау бойынша сарапшылар (ЖБРС) Ұлттық тобының мүшесі
Шайзада Өмірзаққызы Тасболатова, Эразмус+ бағдарламасының ұлттық үйлестіруші
9.30 – 9.45 Кіріспе: Семинардың мақсаты мен бағдарламасы. Қатысушыларды  таныстыру, олардың дәмеленулері.
9.45 – 10.15 «Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі корпоративтік басқарудың рөлі» - Д. Ахмед-Заки, ЖБРС
 
10.15 – 10.45
 
 
Үзіліс
10.45 – 12.20 «Еуропалық жоғары оқу орындары корпоративтік басқару органдарының озық тәжірибесінің құрылымы мен рөлі» - еуропалық сарапшы Стивен Хэйген, профессор, Ақпараттық технологиялар, механика және оптика Санкт-Петербург ұлттық зерттеу университеті (ITMO). Сұрақтар & Жауаптар
12.20 – 12.50 «Университетті басқарудың корпоративтік принциптері» - Серік Мәуленұлы Өмірбаев, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, ЖБРС Ұлттық тобы Бақылау кеңесінің төрағасы
12.50 – 13:00 «Университетті басқарудың әртүрлі салаларында тиімді түрде басқаруына қалай қол жеткізу» тақырыбындағы топ жұмыстарына нұсқаулар - С. Хэйген,  еуропалық сарапшы
 
13.00 – 14.00
 
 
Түскі үзіліс
14.00 – 15.00 Топтарда жұмыс істеу. Университетті тиімді басқаруға қалай қол жеткізу болатынын келесі бағыттар бойынша талқылау:
 
1-Топ – HR-менеджмент – модератор С. Өмірбаев, ЖБРС;
2-Топ –Білім беру бағдарламаларын әзірлеу – модератор Д. Ахмед-Заки, ЖБРС
3-Топ –Университеттің жылдық бюджеті: қаржы және шығыстар – модератор Амантай Әбілқайырұлы Нұрмағамбетов, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры, ЖБРС
 
15.00 – 15.30 Топ жұмыстарының нәтижелерімен таныстыру / С.Хэйген, еуропалық сарапшының түсініктемелері
15.30 – 16.00
 
Үзіліс
16.00 – 17.30  «Корпоративтік басқаруды жүзеге асыру барысындағы негізгі қиындықтары» атты талқылау
17.30 – 18.00 Бірінші күннің қысқаша шолуыШ. Тасболатова
 
2-ші күн - 4 қараша 2016 ж.
 
9.00 – 9.15 Алдыңғы күннің нәтижелері бойынша қысқаша шолу
Ш. Тасболатова
9.15 – 10.10 «Еуропалық университеттерді басқарудың және басшы органдарының құбылмалы сипаты: бізді болашақта не күтіп тұр?» - С.Хэйген, еуропалық сарапшы
10.10 – 10.30 «Қазақстандық жоғары оқу орындарындағы басқарушылық үдерістерді қалай жетілдіруге болады?» Топ жұмыстарына нұсқаулар - С. Хэйген, еуропалық сарапшы
 
10.30 – 11.00
 
 
Үзіліс
11.00 – 12.10 Топ жұмысы.  
Қазақстандық жоғары оқу орындарды басқару үдерістерін қалай жетілдіруін төмендегі тұрғылардан талқылаңыз:
1-Топ – жоғары оқу орны профессорлық-мұғалімдік құрамының, қызметкерлердің және студенттердің көз қарасынан – модератор С. Өмірбаев, ЖБРС;
2-Топ – Жұмыс берушілердің университет дамуына қатысу тұрғысынан – модератор Серік Аманжолұлы Святов, «Нархоз Университеті» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы, ЖБРС
3-Топ – Мемлекеттік қызметшілердің және жергілікті билік органдарының университет дамуына қатысу тұрғысынан (Білім және ғылым министрлігі, мемлекеттік органдар) – модератор Д. Ахмед-Заки, ЖБРС
 
12.10 – 13.00
Топ жұмыстары нәтижелерімен таныстыру / С.Хэйген, еуропалық сарапшы
13.00-14.00  
Түскі үзіліс
14.00-15.30 Кейс-стади «Корпоративтік басқару органының отырысын дайындау және өткізу» - С.Хэйген, еуропалық сарапшы
 
15.30 – 16.00
 
Үзіліс
16.00 – 16.30 «Қазақстанда ЕО тәжірибесінен нені пайдаоануға болады?» - модератор Д.Ахмед-Заки, ЖБРС
16.30 – 17.00 Семинардың нәтижелері. Сертификаттарды тапсыру.
Семинардың жабылуы.
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты