Событие #130 Статистика

Эразмуз Мундус серіктестігінің Орталық Азияға ықпалы

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 2017 жылдың 14-18 мамыр аралығында Евроодақ пен Орталық Азия мемлекеттері  арасында Эразмус Мундус бағдарламасының 10-жылдығына арналған «Эразмуз Мундус серіктестігінің Орталық Азияға ықпалы» тақырыбындағы бірлескен конференция өткізіледі.
Конференцияға 11 Европа мемлекеттерінің өкілдері қатысады: Бельгия, Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция, Франция, Словения, Германия, Португалия, Австрия, Нидерланды, сонымен қатар Орта Азия мемлекеттері: Қазақстан, Қырғызстан,Өзбекістан және Тәжікістан.
Конференция барысында Эразмус Мундус бағдарламасының Орталық Азия жоғары оқу орындарының қызметіне ықпалы көрсетіліп, нәтижелері ұсынылатын болады.  Сонымен қатар, ұлтшылдандыру үрдістері мен аталмыш мемлекеттерде жоғары білім берудің жүйесі  қарастырылады. Қатысушылар халықаралық академиялық мобильділікті ұйымдастыру, оның мәдени және әлеуметтік ерекшеліктері  бойынша тәжірибе алмасады.
Конференция қорытындысы бойынша ортақ қаулы қабылданады.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты