Событие #13 Статистика

Ауылшаруашылық саласын зерттейтін экономистердің халықаралық ассоциациясы (IAAE)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАЛЫ ЕЛДЕРДЕГІ
АГРАРЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЛЕЙБНИЦ ИНСТИТУТЫ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫН ЗЕРТТЕЙТІН ЭКОНОМИСТЕРДІҢ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫ (IAAE)

Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ), өтпелі экономикалы елдердегі аграрлық дамудың Лейбниц институты (IAMO),экономист-аграршылардың Халықаралық ассоциациясы (IAAE) «Жібек жолы бойындағы ауыл шаруашылығының өзгерістері: Орталық Азия аймағындағы қайта құрылымдау, ресурстар және сауда» Халықаралық конференция-симпозиумын өткізеді.

Конференцияның мақсаты: Ұлы жібек жолының дәстүрлі рөлінің қайта өркендеуі үшін білімдерді тарату, талқылау және дамыту бойынша платформаны қамтамасыз ету.

Конференцияның өтетін уақыты: 4-6 сәуір 2016 жыл.

Конференцияның өтетін жері: ҚазҰАУ, Алматы қ., Қазақстан.

Конференция үш бағытта өтетін болады:
v Ауылшаруашылық қайта құрылымдау
v Табиғи ресурстарды басқару
v Аймақтық сауда мен интеграциялар

Конференцияның жұмысы келесі секциялар бойынша ұйымдастырылады:
Land reforms and farm restructuring
Agricultural change and labor organization
Land and water management
Cooperative movements
Value chains
Regional agricultural trade and the role of customs unions
WTO accession and agriculture
Central Asia’s role in global agricultural markets
Policy options to stimulate domestic agricultural production
Lessons from other transition economies in Central and Eastern Europe or the Former Soviet Union

Жібек жолы бойындағы ауыл шаруашылығы дамуының күрделі сұрақтарын, мәселелерін мен мүмкіндіктерін барынша дұрыс түсіну мақсатында Орталық Азия мен Каспий теңізі кеңістігінде қызмет ететін, ауыл шаруашылығы экономикасы, ауылдық аймақтарды дамыту, су ресурстарын және аралас пәндерді басқару саласында тәжірибеге ие зерттеушілер мен ғалымдар өз жұмыстарының нәтижелерімен бөліседі деп жоспарланады.

Конференцияға қатысу шарттары:
Баяндамаларды ағылшын тілінде, негізгі сұрақ, қолданылатын мәліметтер мен әдістерді, сонымен қатар, шығарылған қорытындыларды көрсете отырып, 2 беттен көп емес көлемде дайындап, 2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін келесі адреске жіберулеріңізді сұраймыз: silkroad@iamo.de
2016 жылдың 1 наурызына дейін келесі сілтеме арқылы www.iamo.de/silkroad тіркеуден өту керек. Конференцияға қатысу тегін, конференцияға келу және қонақ үйлерге орналасу бойынша барлық шығындарды қатысушылар өздері көтереді.

Конференцияның жұмыс тілі: ағылшын, орыс тіліне синхронды аудару іске асатын болады.

Негізгі күндер:
1 желтоқсан 2015 ж. – баяндамалар және авторлар бойынша ақпараттар ұсыну.
15 қаңтар 2016 ж. – конференция қатысушыларын олардың баяндамаларының бағдарламаға енгізілгені туралы ақпараттандыру.
1 наурыз 2016 ж. – сайтта соңғы тіркелу.

Конференция туралы толық ақпарат, оның ішінде ұйымдастырушылар комитеті және жұмыс тобы мүшелері туралы мәліметтер сайтта берілген: өтпелі экономикалы елдердегі аграрлық дамудың Лейбниц институты www.iamo.de.

Ұйымдастырушылар комитеті:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050010, Абай даңғылы, 8 РМК «ҚазҰАУ»

Байланысу үшін: Нұрманбекова Г.Қ.

+7  7272 621729
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты