Событие #135 Статистика

Ақпараттық хат

logo logo logo


Құрметті әріптестер мен магистранттар!
 
2017 жылы 12-25 маусым аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде
Халықаралық магистрлік жазғы мектеп ISAS -2017 ұйымдастырылады
 
Халықаралық магистрлік жазғы мектеп келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
  • «Су ресурстарын басқару» - мектеп жетекшісі,  ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор Есполов Тлектес Исабайұлы.
  • «Жасыл экономика» - мектеп жетекшісі, ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д. Тиреуов Қанат Маратұлы.
  • «Ветеринария» - мектеп жетекшісі, ҚР ҰҒА академигі, в.ғ.д., профессор Иванов Николай Петрович
  • «Ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар және техникалық жабдықтар» - мектеп жетекшісі,  т.ғ.д., профессор Қалиаскаров Марат Қалиасқарұлы.
  • «Биотехнология және тағам қауіпсіздігі» - мектеп жетекшісі, б.ғ.д., профессор Серікбаева Әсия Демеуханқызы.
           
ISAS-2017 Халықаралық магистрлік жазғы мектептің мақсаты – Болон процесі принциптерінің бірі – академиялық мобильділікті жүзеге асыру.  
Қысқаша аннотация. Магистранттарға білім беру бағдарламалар бойынша Халықаралық магистрлік жазғы мектепке қатысуға, білімін жоғарылатуға және тәжірибе жинақтауға мол мүмкіншілік беріледі. Магистранттардың кәсіби және тұлғалық құзыреттілігінің қалыптасуына Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жетекші ғалымдары мен Франция, Германия, Словакия, Литва, Рессей және Белоруссия Университеттерінің шетелдік ғалымдарының, сонымен қатар салалық Ғылыми-зерттеу институттары мен өндіріс орындары өкілдерінің дәрістері, мастер/тренинг-кластары мен дөңгелек столдары септігін тигізеді.
Тәжірибелік сабақтар: «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балхаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» ММ, «Бартоғай суқоймасы және Д.А.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» РМК, «Алматы Су Холдингі» МКМ, «Қазақ агроөнеркәсіптік өндірісінің экономикасы және ауыл аймақтарды дамыту ҒЗИ» ЖШС, Аймақтық ветеринариялық лаборатория» РМК, «Антиген ҒӨО» ЖШС, «Қазақ ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ҒЗИ» ЖШС, «Инфекциялық ауруларға қарсы ғылыми орталығы» РМК, «Қазақ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ» РМК, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы, Қазақстан-Кәрей инновациялық орталығы, Ғылыми-білім беру инновациялық орталығы (ИИДМ-2), Қазақ-Белорусс инновациялық орталығы  және т.б. өндірістік базаларында өткізіледі.
Жұмыс тілі: ағылшын.
ISAS-2017 Халықаралық магистрлік жазғы мектепке қатысу шарттары:
  • 2017 жылдыңмаусым айының 1-не дейін қатысушының тіркелу анкетасын толтыру қажет;
  • әр қатысушыға ұйымдастыру жарнасы – 30 000 теңге, оның ішіне оқыту және жатын-орынкіреді;
  • анкетаның электрондық нұсқасы мен төлемақы туралы түбіртектің сканерден өткізілген нұсқасын kaznauipo@gmail.com электрондық адресіне жіберу қажет.
 
Реквизиттер:
ААҚ «Қазақ ұлттық аграрлық университеті»
050010, Республика Казахстан,
Алматы қ., Абай даңғылы, 8
ИИК KZ518560000000011879
БИН 990240005606
«Банк Центркредит» АҚФ АҚ
БИК KCJBKZKX
КБЕ-17
 
ISAS -2017 Халықаралық магистрлік жазғы мектептің
алдын-ала бағдарламасы  
 
Күні және уақыты
Шаралар
 
11 маусым 2017 жыл Қатысушылардың келуі және орналастыру
12 маусым 2017 жыл
9.00-10.00
Қатысушыларды тіркеу
12 маусым 2017 жыл
10.00
ISAS-2017 Халықаралық магистрлік жазғы мектептің ашылуы
12 маусым 2017 жыл
10.00-13.00
Пленарлық мәжіліс
12–24  маусым 2017 жыл Бағыттар бойынша білім беру курстары
25 маусым 2017 жыл
14.00-18.00
ISAS-2017 Халықаралық магистрлік жазғы мектептің жабылуы және сертификаттар берілуі
25 маусым 2017 жыл Мәдени шаралар және қатысушылардың қайтуы
 

Ұйымдастыру комитеті
 
                                                             050010, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8
                                                             Қазақ ұлттық аграрлық университеті
                                                        Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты
 
 
Байланыс телефондары:
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Еркімбекұлы Рауан
8 (727) 264-69-02;
 
2. Магистратура бөлімінің бастығы
Кусаинова Жанар Абикеновна  8 (727) 262-17-63;
 
3. Магистратура бөлімінің маманы
Минайдарова Жайна Қайратовна 8 (727) 262-17-63,
Электронды адрес: kaznauipo@gmail.com
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты