Событие #115 Статистика

Ақпараттық хат

photo ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
 
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
 
photo
 

Құрметті жас ғалымдар!
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті Сіздерді 2017 жылдың 6-7 сәуірінде өтетін «Жастардың ғылыми көзқарасы: АӨК-гі ізденістер, келешегі, инновациялар» жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.
Конференцияның тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Конференция мақсаты – магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың творчестволық белсенділігін арттыру, оларды замануи аграрлық ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенінің индустриалдық-инновациялық дамуына әсер ету.
Конференция барысында төмендегідей секциялар жұмысы жоспарлануда:
- агробиология, экология және жеміс-көкөніс шаруашылығы (kem_707@mail.ru);
- ветеринария (abeuov_khairulla@mail.ru);
- ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және өндіріс технологиясы (bybaisha84@gmail.com);>
- орман, жер, және су ресурстары (zhadra.zh@mail.ru);
- агроинженерия, энергия үнемдеу және кәсіптік оқыту (miss.gulzinat@yandex.ru);
- аграрлық экономика және құқық (kaznau.nikia@mail.ru).
 
Конференцияның ұйымдастыру комитеті жұмыс барысын төмендегідей етіп айқындады:>
- 6 сәуір пленарлық және секциялық отырыстар;
- 7 сәуір конференцияны қорытындылау, резолюция қабылдау, сертификаттарды табыстау.
Конференция аясында мастер класс және тренинг өтілуі жоспарланып отыр.
Секциялық отыстардың нәтижесі бойынша  конференцияның материалдар жинағы басып шығарылады. Конференцияға қатысу үшін 2017 жылдың 20 наурызына дейін төмендегі материалдарды секцияға жауаптылардың электронды пошталарына жіберілу керек:
- қатысу өтініші;
- рецензиясы бар мақала.
Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетінің электрондық адресіне немесе көрсетілген телефондарға хабарласуларыңызға болады: +7 (727) 267-65-37;  +7 (727) 262-89-82.
Ұсынылған материалдардың сапасы авторлардың жауапкершілігінде. Баяндама мәтіні түпнұсқа болып саналады және өзгертілмейді. Мақала көрсетілген мерзімнен кеш келіп түссе, рәсімделуі талапқа сәйкес болмаса, сонымен қатар конференция тақырыбына сай келмесе, ұйымдастыру комитеті баяндамаларды қабылдамауға құқы бар.
 
Баяндаманы рәсімдеу талаптары
 
       Мақала қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады. Мақала 3-тен 5 бетке дейін болуы керек және өз зерттеулерінің нәтижелері мен қорытындылары болуы қажет. Тек әдебиетке сүйенген шолу мақалалар қабылданбайды. Мақаланың авторлары 2 адамнан артық болмауы тиіс.
  • Баяндама мәтіні компьютерде Times New Roman, Times Kaz редакторында, кегль көлемі 12, аралығы 1 жол, абзац – 1, орналастырылуы: жоғарғы және төменгі жағы – 2,5, сол жағы – 3, оң жағы – 1,5 см.
  • ӘОК (үстінде сол жақта), бір жолдан соң ортада авторлардың фамилиялары мен инициалдары қанық әріптермен, тағы бір жол төмен курсивпен авторлардың жұмыс орнының толық атауы жазылады. Тағы бір жол төмен ортада мақала тақырыбы бас әріптермен жазылады.
  • Негізгі мәтіннің алдында мақала тілінде 10 жолдан аспайтын аңдатпа, жаңа жолдан кілт сөздер жазылады.
  • Мәтін тексеріліп, мына бөлімдерден тұруы қажет: кіріспе, материалдар мен әдістер, зерттеу нәтижелері, нәтижені талдау, қорытынды. Қолданылған әдебиеттер тізімінен кейін бір жолдан соң ортада авторлардың фамилиялары мен инициалдары, бас әріптермен мақала тақырыбы және түйіндеме қалған екі тілде (4-5 беттен кем болмауы тиіс). Суреттер мен сызбалар анық болуы керек. Қолданылған әдебиеттер сілтемесінде мақаланың барлық авторы немесе авторлары жазылы керек.
  • Бөлімдердің аты: кіріспе, материалдар мен әдістер, зерттеу нәтижелері, нәтижелерді талдау және  қорытындылары жаңа жолдан, қанық әріптермен және нүктесіз жазылуы тиіс.
  • Мәтінде астын сызу, қанық әріппен және курсивпен жазуға болмайды.
 Мақаланы жариялау тегін. 
 
«Жастардың ғылыми көзқарасы: АӨК-гі ізденістер, келешегі, инновациялар»
жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға

ӨТІНІШ
 
Қатысушының  Т.А.Ә. (толық)______________________________________________
Ұйым ___________________________________________________________________
Қызметі _________________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі және атағы _______________________________________________
Мекен-жайы______________________________________________________________
Тел./факс ________________________________________________________________
E-mail ___________________________________________________________________
Баяндаманың (мақала) аты__________________________________________________
Секция __________________________________________________________________
Қатысушының қолы_______________________________________________________
 
  
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
 

ӘОК
 
Ахметканова Г.
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
 
ЭНЕРГИЯ ТҰТЫНУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ
 
Аңдатпа............
 
Кілт сөздер............
 
Мақала мәтіні..............
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ахметканова Г.
 
Kazakh National Agrarian University
 
ENERGY SAVING IN SYSTEMS of ENERGY CONSUMPTION
 
Abstract.............
 
Keywords.................
 
 
 
Конференцияның ұйымдастыру комитеті
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты