«Агроинновация және экология» ҒЗИ

Инновационная теплица
Центр подготовки специалистов для развития тепличных хозяйств
Стипендия Болашак
Стипендия «Болашак» стала своеобразным гарантом успешного карьерного роста...

Научно-инновационные разработки Достижения Международное сотрудничество Біз туралы

«Суармалы жағдайда бәсекелестікке қабілетті майлы дақылдарды өсірудің бейімделген технологиялары», жоба жетекшісі: ҚР ҰҒА академигі Елешев Р.Е., қосалқы жетекшісі профессор Үмбетов А.Қ.
Суармалы егіншілік жағдайына, барлық жоғары рентабельді агротехникалық және агрохимиялық кешенді тәсілдерден тұратын бәсекелестікке қабілетті дәстүрлі емес майлы дақылдарды (майлы зығыр, қыша, рапс, мақсары) өсірудің бейімделген кешенді технологиясы жасалды. Жасалған технология суаратын суды тиімді қолдануда, топырақ құнарлылығын сақтау мен жоғарылатуды; майлы дақылдардың өнімділігін арттыру мен дәндегі майдың сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді.

photo photo

Ұсынылатын технология бойынша тұқымды себу нормасы 1,5 есе, суаратын суды үнемдеу 20-30% төмендейді, өнімділік 20-25%, майлылық 3-5% жоғарылайды және топырақ құнарлылығы сақталады.

photo photo

«Тамшылатып суару кезінде майбұршақ егістігіне жаңа тыңайтқыштарды қолдану технологиясы», жоба жетекшісі: жетекшісі ҚР ҰҒА академигі Елешев Р.Е., қосалқы жетекшісі профессор Балғабаев Ә.М.
 
photo photo

Жаңа тыңайтқыштар – табиғи-синтетикалық негізде жасалады және хлорофил-пептиді – белокты қосылыстарды микроэлементтермен (мыс және мырыш) байланыстыру арқылы алады. Топырақ микрофлорасына қолайлы әсер етіп, топырақтағы қоректік элементтерді мобилизациялайды және ауыл шаруашылық дақылдарының, оның ішінде майбұршақтың өнімділігі жоғарылайды.
Тамшылатып суару фонында 0,1% сулы ерітінді түрінде тұқымды себер алдында өңдеуде пайдаланылады.
Ұсынылған технология майбұршақтан 6-8 ц/га қосымша өнім алуды, минералдық тыңайтқыштардың нормасын 1,5-2 есе төмендетуді, экологиялық қауіпсіз өнім алуды және суаратын суды 25-30% үнемдеуді қамтамасыз етеді.

«Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысының суармалы жерлерінде күздік бидай мен майбұршақты жалға өсіру технологиясы», жоба жетекшісі: ҚР АШҒА академигі, профессор Атақұлов Т.А., қосалқы жетекшісі а.-ш.ғ.к., доцент Ержанова К.М.
Ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін тұрақты жалдарды пайдалану негізінде, инновациялық технология жасалған. Технологияның мәні, астық дақылдарын өсіру негізінде қалыптастырылған жалды, бес және одан көп жылдар бойы күздік бидай, майбұршақ және басқа дақылдарды тікелей себу үшін пайдаланады, сөйтіп топырақ құнарлылығы сақталады, жер және су қорларын тиімді пайдаланады және материалды-техникалық шығындар азаяды.
Жобаны енгізу суарылатын суды 30-40% үнемдеуді, минералдық тыңайтқыштардың нормаларын пайдалану коэффициенттерін жоғарылату есебінен кемітуді, ауылшаруашылық дақылдардан өсіру шығындарын кеміту және бидай дәні мен майбұршақтан 5-7 ц/га қосымша өнім, 1 га суармалы егістігінен 20-25 мың теңге қосымша пайда алуды қамтамасыз етеді.

photo photo

«Картоптың Қазақстандық селекциясының перспективтік сорттарын сауықтыру, көбейту және өндіріске енгізу», жоба жетекшісі: а.-ш.ғ.д., профессор Апушев А.Қ., қосалқы жетекшісі а.-ш.ғ.д., профессор Сүлейменова С.Е.
Клоналдық микрокөбейту әдісімен картоптың вируссыз микротүйнектері алынды және суармалы егіншілік аймақтарына жылдам және кең тарату үшін алғашқы тұқым шаруашылығы схемасы жасалды.
Енгізілетін технология дәстүрлі тұқым шаруашылығымен салыстырғанда 110 ц/га қосымша өнім алуға мүмкіндік береді және бір гектардан 500,0 мың теңге шартты таза пайданы қамтамасыз етеді. Отырғызылған материалдар вирустық (аурулар) патогендерден таза, сақтау кезінде жатқыштығы өте жақсы. Қартоптың вируссыз алынған Қазақстандық селекциясының жаңа өнімділігі жоғары және сапалы сорттарының ендіру мерзімі қысқарады. 

photo photo

«Жеміс, жидек және көкөністерді гелиокептіргіштерде кептірудің инновациялық технологиялары», жоба жетекшісі: а.-ш.ғ.к., доцент Тәжібаев Т.С., қосалқы жетекшісі профессор Хазимов М.Ж.
Энергошығындары жоғары технологиялардың орнына, күн энергиясының есебінен ауаның айналуы мен қолайлы температураны қамтамасыз ететін гелиокептіргіштердің жаңа әрі ұтқыр конструкциялары жасалған.
Құрғату технологиясы күн энергиясын пайдалану есебінен жеміс-жидек дақылдарының өзіндік құнын 18-20% төмендетеді, олардың сапасын жақсартып, 1 тоннадан 20-50 мың теңге таза пайданы қамтамасыз етеді.

photo photo

«Жасыл конвейер жасау үшін дәстүрлі емес жоғары белокты малазықтық дақылдарды өсірудің инновациялық технологиялары», жоба жетекшісі: жетекшісі ҚР ҰҒА академигі Елешев Р.Е., қосалқы жетекшісі а.-ш.ғ.к., доцент Арыстанғұлов С.С.
Біржылдық және көпжылдық дәстүрлі және дәстүрлі емес малазықтық дақылдарды өсіру әрі табиғи жайылымдарды бірге пайдалану негізінде жасыл конвейерді ұйымдастыру. Ұсынылатын технология 1 га малазықтық алқаптан көк балауса құрамында қорытылатын протеин мөлшері 100-110 г/кг кем емес; 2,0-2,5 т жемдік дәнді; 25,0-30,0 т көк балауса; 1,5-2,0 т пішен өнімділігін; жем-шөп өндірудің өзіндік құнын 2,5-3 есе төмендетуді қамтамасыз етеді.

photo photo

«Жасыл конвейер элементтері»:
- дәстүрлі емес және жоғары ақуызды малазықтық дақылдардың жиынтығы;
- біржылдық және көпжылдық малазықтық дақылдарды табиғи жайылымдарды бірге пайдалана отырып өсіру;
- малазықтық егістікте ауылшаруашылық дақылдары егістігінің құрылымын қолайландыру;
- өсірудің агротехникалық тәсілдері;
- малазықтық дақылдарды тыңайту жүйесі.

photo

«Жылдам пісетін, күйзеліске төзімді, сапасы бақыланатын жеміс дақылдарын отырғызу материалдарын өндіру технологияларын енгізу», жоба жетекшісі: а.-ш.ғ.д., профессор Олейченко С.Н., қосалқы жетекшісі а.-ш.ғ.к. Есеналиева М.Д.
Қысқы телім жүргізу, питомникте ағаштардың жылдам пісетін кроналарын қалыптастыру, сонымен қатар көшеттерді жабық тамыр жүйесімен өсірудің Голландиялық технологиясы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағдайларына бейімдендірілген. Бұл технология жылдам пісетін, күйзеліске төзімді, сапасы бақыланатын жеміс дақылдарын отырғызу материалдарын өндіруді қамтамасыз етеді.

photo photo

Ұсынылатын технология бойынша жеміс дақылдарынан өнім алу мерзімі дәстүрлі әдіспен салыстырғанда 2 жылға қысқарады және жоғары сапалы тауарлы өнім алынады.

«Жүзімді бейімделген еуропалық үлгіге сәйкес өсіру технологиясы», жоба жетекшісі: а.-ш.ғ.д., профессор Олейченко С.Н.
Жүзімнің техникалық сорттарын өсірудің Еуропалық үлгісі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысының топырақ-климат жағдайларына бейімдендірілген. Технологияның мәні – өркендерді кесу, шырпу жолымен көзшелер мен өркендердің сандарын нормалау негізінде, жүзімнің техникалық сорттарын қалыптастырудың жаңа кешенді тәсілін енгізу.
 
photo photo
 
Жаңа кешенді тәсіл жүзімнің 1 га егістігінен шараптық сорттарының Мемстандарттарының талаптарына сәйкес келетін 200 бен 300 центнер өнімділігін қамтамасыз етеді; олардан технологиялық қайта өңдеу негізінде Еуропалық стандартқа сәйкес Қазақстандық элиталық шараптар алынады.

 
Ведущие ученые
Соңғы жаңалықтар Танымал Оқылған Жаңалықтар мұрағаты
ТМД кеңістігінде аграрлық білімді жаңғырту
Жарияланды: 23 маусым, 2016 | Қаралғандар: 27
21-23 маусым күндері аралығында ТМД-ның жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің отырысы табысты өтті.  
Мекен-жайымыз:
Казахстан, 050010 г. Алматы, ул. Абая, 8, 3 корпус, каб.204 ПН-ПТ с 9 00 до 18 00.