«Су мәселелері мен жерді мелиорациялау» ҒЗИ

Электронный научный архив
Известия...
НИИ
Ветеринарной безопасности

Ғылыми жетістіктер Біз туралы
ҚР ҰҒА академигі Рау А.Г. жетекшілігімен күріш пен күрішті алмастырып себуде суару инновациялық технологиясы Алматы және Қызылорда облыстарының шаруа қожалықтарында өз қолдануын тапты. 
Су проблемалары мен жерді мелиорациялау ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеу гранттық ұаржыландыруға төрт ұсыныс берілді, оның қаржыландыру көлемі 14 158 млн.теңге құрайтын екеуі мақұлданды.
Олар:
1. Жер топырағы қайталанып тыңаюы мен сазға айналмауын болдырмайтын, суарылатын жерлердің эколого-мелиоративтік күйін жақсарту шараларын, күріш пен күрішті алмастырып себуде суару кезінде суды үнемдеу технологиясын жасау. Жұмыстың мақсаты – су үнемдеу технологиясын күріш дақылын сұғаруға және күріш ауыспалы егістігіне қолдану, күріш өнімділігін және күріш ауыспалы егістігінің өнімділігін 12-15%  көтеру, топырақ құнарлығын арттыру және суғару нормасын 18 % ға төмендету болып табылады.
 

«Бірлік» агрофирмасы  Ақдала күріш жүйесінде күрішті суғарудағы су үнемдеу технологиясын ендірудің нәтижелері есепте келтірілген. 9-15 мм/тәу суару мерзімінде фильтрациялық ағыны күріз атыздарында 69-72 ц/га және оданда жоғарғы өнімділікті арттырады. Суару мерзімінде сүзілу көлемі 9500-12400 мм/га қамтылыған, қалған 70% су  егістіктің грунттық суларын суландырып, 30% су су тастау ағынын құрайды. Күріш дақылын суарудағы су үнемдеу технологиясын қолданғандағы мақсат 20% ға суару нормасын төмендетіп,  15-18% күріш өнімділігін арттырады.  Күріш ауыспалы егістігіне жоңышқаны суармалауда ылғалдылықты ұстап тұру 80 % НВ жоңышқа дақылының өнімділігін 25-30 % дейін жоғарылатуға жағдай жасайды, топырақ бетіне грунттық сулардан тұздың көтерілуін төмендетеді. «Бірлік» агрофирмасында қабылданған егіс айналым жүйесі топырақты органикалық заттармен байытуға септігін тигізеді.
 

Сулы-тұзды режим мен Акдала күріш жүйесінің балансы ирригациялық-шаруашылық факторларға, суармалау жүйесінде су ресурстарын сауатты басқара білуге және күріш ауыспалы егістігі мен күріш суармалауда су жинайтын технологияны қолдануға болады. Бүкіл күріш жүйесіндегі тұздық баланс жағымсыз: мелиоративті жағдайы қанағаттандырарлық, күріштің жоғары өнімділігін алуға қамтамасыз етеді.  
2. Ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігін және Қазақстанның суару жүйелерінің экономикалық тиімділігін арттыратын суармалы жерлерді сумен қамтамасыздандыратын параметрлерді анықтап зерттеу. Жұмыстың мақсаты: Іле өзенінде дақылдарды суарудың суды үнемдеу технологиясын зерттеу, өзен ағысының асихронды тербелісін ескере отырып судың экономикалық тиімділігін жақсарту және сумен қамтамасыздандыруын арттыру. Алматы облысының Талғар, Шелек өзендерінің асихронды тербелісін ескере отырып  Ақдала суармалы жүйесінде дақылдарды суды үнемдеу технологиясымен суарған  нәтижелері есепте көрсетілген. Талғар, Шелек өзендерінің корреляциялық көрсеткіштерінің мәні 0,85 – 0,98 шамада.  Шелек және Талғар өзендерінің сумен қамтамасыздандыруы  85% болғанда дақылдарды сумен толық қамтамасыз етуге болады.Іле өзенінің алқабында  суармалы жердің  60% ауданы ғана суарылады, алайда  Талғар және Шелек өзендерінің ағыны ирригациялық жерлерді толықтай  сумен қамтамасыз ете алады. Талғар, Шелек, Іле өзендерінің сумен қамтамасыздандыруы  85% болған жағдайда, суармалы жердің ауданын 20%. ұлғайтуға болады. Суды үнемдеу технологиясы (тамшылатып суару) пайдаланғанда суармалы жердің ауданың 30-40% басқа су тұтынушыларға кедергі келтірмей арттыруға болады. Суды үнемдеу технологиясы –Талғар және Шелек өзендерінде және суды тастамау күріш өсіру технологиясын Ақдала суармалы жерінде суды 20% үнемдеп, дақылдың өнімін 18% арттыруға болады. Талғар, Шелек өзендерінің  асинхронды тербелісін ескере отырып бақша, жүзімді және суды тастамау күріш өсіру технологиясын  Ақдала суармалы жерінде сумен қамтамасындандыруы артады.
 

Беларусь  Республикасы және Ресей Федерациясы ғалымдарымен біріге отырып э.ғ.д. академик Т.И.Есполовтың жетекшілігімен «Мелиоративтік жұмыстарда суды үнемдеу технологияларын және машиналар кешендерін еңгізу негізінде Қазақстанның суармалы жерлеріндегі ауылшарушылық өнімдерінің тиімділігін арттыру, ауылшаруашылық айналымнан шығып қалған тозған жерлерді қалпына келтіру» тақырыбына ғылыми жоба дайындалуда.
 
Соңғы жаңалықтар Танымал Оқылған Жаңалықтар мұрағаты
ТМД кеңістігінде аграрлық білімді жаңғырту
Жарияланды: 23 маусым, 2016 | Қаралғандар: 27
21-23 маусым күндері аралығында ТМД-ның жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің отырысы табысты өтті.  
Мекен-жайымыз:
Казахстан, 050010 г. Алматы, ул. Абая, 8, 3 корпус, каб.204 ПН-ПТ с 9 00 до 18 00.