Ветеринариялық қауіпсіздік ҒЗИ

Инновационная теплица
Центр подготовки специалистов для развития тепличных хозяйств
Конференции
Научные конференции

Ғылыми жетістіктер Біз туралы
Институт соңғы 3 жылда (2012-2015) келесі бағдарламалар бойынша: ҚР БжҒМ 055 «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет»; ҚР АШМ 212 «АӨК және табиғатты пайдалану салаларындағы ғылыми зерттеулер және шаралар»; 019 «Инновациялық әдістерді ауылшаруашылық өндірісіне енгізу»; ҚР БжҒМ «Технологияларды коммерциялизациялау орталығы» ЖШС және шаруашылық
Қаржыландырудың жалпы көлемі 225 миллион теңгені құрады.
Жоғарыдағы жобаларды орындауға 25 ғылым докторлары және 45 кандидаттар, соның ішінде 35 ғылыми қызметкерлер, 32 магистранттар, 15 PhD докторанттары, 16 бакалаврлар және басқа ғылыми ұйымдардан 12 қызметкерлер қатысты.
Ветеринариялық медицина және биотехнология саласында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде әлеуметтік маңызды ауруларды балауға арналған отандық тест-жүйелерді құрастыру, жергілікті минералдар негізінде бірегей және емдеу препараттарын әзірлеу технологиясы, жануарлардың жұқпалы және инвазиялық ауруларына қарсы диагностикумдар мен вакциналардың әзірлемесі, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының қауіпсіз өнімдерін алуға қажетті пробиотиктер мен экологиялық қауіпсіз азықтық қоспаларды алу кезінде жаңа білімділікке қол жеткізілді.
Жобаларды орындау барысында жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша 5 оқулықтар мен оқу құралдары, 4 ғылыми ұсыныстар, барлығы 65, соның ішінде 16-сы нөлдік емес импакт-факторлы мақалалар жарияланды, 5 патент, 11 инновациялық патент, 34 иегерлік куіліктер алынды 4 қалыптамалық-техникалық құжаттама кешені әзрленіп бекітілді.

Ауыл шаруашылығы өндірісіне бірқатар инновациялық әзірлемелер енгізілді:
- ауыл шаруашылық жануарларының пастереллезіне қарсы поливалентті вакцина;
- ауыл шаруашылық жануарларының пастереллезіне қарсы поливалентті қан сарысуы;
- ауыл шаруашылық жануарларының лептоспирозына қарсы поливалентті қан сарысуы;
- ауыл шаруашылық жануарларының лептоспирозын балауға арналған иммунды ферменттік тест-жүйе;
- ауыл шаруашылық жануарларының сальмонеллезіне қарсы поливалентті қан сарысуы;
- қой және қозының сальмонеллезіне қарсы бивалентті тірі құрғақ вакцина;
- биенің сальмонеллезді іш тастауына қарсы тірі вакцина;
- шошқаның сальмонеллезіне қарсы поливалентті тірі құрғақ вакцина;
- суда жүзетін құстардың сальмонеллезіне қарсы тірі вакцина;
- мүйізді ірі қараның колибактериозына қарсы вакцина;
- шошқаның колибактериозына қарсы вакцина және т.б.

Сонымен қатар, ВҚҒЗИ қызметкерлерімен бірқатар ғылыми шаралар ұұйымдастырып өткізілді, солардың ішінде келесілерді айрықша атап өтуге болады:
  1. Құс шаруашылығының мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 
    (қазан 2013 ж.);
  2. Ара шаруашылығының мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 
    (ақпан 2014 ж.);
  3. Балық шаруашылығының мәселелері бойынша республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция 
    (сәуір 2014 ж.);
  4.  «Қымыз-2014» екінші халықаралық форумы (қазан 2014 ж.);
  5. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ветеринария агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық даму жолында» ІІІ Халықаралық ветеринариялық конгрессі
    (6 қараша 2015 ж);
  6. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 85 жылдығына арналған «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы ғылым мен білімнің басымды бағыттарының жаңа стратегиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (28 қараша 2015 ж);
  7.  Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 85 жылдығына арналған «XXI  ғасырдың  зиялылық  әлуеті: аграрлық ғылымның  дамуына  жас  ғалымдардың  үлесі» жас ғалымдардың  халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (4-5 желтоқсан 2015 ж.);
  8. «Жас  ғалымдардың агроөнеркәсіп кешенінің индустриалды-иннвациялық дамуына  қосқан  үлесі» жас ғалымдардың  халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (21-22.04.2016 ж.). 

    Ғылыми-біліми ықпалдасу аясында институт Қазақстан және ТМД мемлекеттерінің 5 жетекші университеттерімен және 7 ҒЗИ-мен бірігіп жұмыстар жүргізеді.
Соңғы жаңалықтар Танымал Оқылған Жаңалықтар мұрағаты
Мекен-жайымыз:
Казахстан, 050010 г. Алматы, ул. Абая, 8, 3 корпус, каб.204 ПН-ПТ с 9 00 до 18 00.