Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Исследования, результаты
Научный журнал
Стипендия Болашак
Стипендия «Болашак» стала своеобразным гарантом успешного карьерного роста...

Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары Нормативтік құжаттар
 
Университет ғалымдарының зерттеулері Қазақстанның ауыл шаруашылығының барлық салаларында ғылымның дамуына үлестерін қосып келеді. Университеттің 85-жылдық тарихында ғалымдар еліміздің аграрлық секторының дамуы үшін көптеген зерттеулер жүргізді, атап айтқанда:
 
- ауыл шаруашылық дақылдарының 50-ден аса сұрыптарын мемелекеттік сынаққа өткізді;
- ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі түрлерін өсіру бойынша 16 агротехнологиялар жасалып, жетілдірілді;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу мен сақтаудың 15 технологиясы жасалды;
- азық-түлік пен жем-шөптің 20 рецептурасы жасалды;
- ауыл шаруашылық малдар мен құстардың 12 түрі анықталды;
- ауыл шаруашылық малдарды, құстарды және балықтарды баптау мен азықтандырудың 14 технологиясы жасалды;
- вакциналардың, емдейтін препараттардың және диагностикалаудың 50-ден аса түрлері жасалды;
- дақыл жинайтын техникалардың, сонымен қатар жел, су, күн және биогаз қондырғыларының 11 тиімді жүйелері мен компоненттері жасалды;
- орман шаруашылығын жүргізудің 20 ғылыми негізделген жүйелері мен емен түрлерінің биологиялық өртке қарсы төзімділігін жоңарылату бойынша ұсынымдар жасалды.
 
Агроөнеркәсіп кешенінің экономика саласы бойынша төменде аталған ұсынымдар ұсынылды:
 
- орта және ірі біріккен бірлестіктер мен ауылшаруашылық түрлендірулерді қалыптастыру;
- жер және су ресурстарын тиімді пайдаланудың механизмдері, жергілікті халықтың дістүрін ескере отырып, ауыл шаруашылығының нарықтық әлеуметтік-экономикалық инфраструктурасын қалыптастырудың механизмдері, аграрлық экономиканы дамытуды реттеудің механизмдері;
- Қазақстан Республикасы экономикасының агарлық секторындағы тиімді нарықтық жүйені қалыптастырудың тұжырымнамасы (концепциясы) жасалды.

Жоғары ғылыми нәтижелерге жету үшін, сонымен қатар ауыл шаруашылық тауар өндірушілер мен машина жасау кәсіпорындарына, өңдеу мен тамақ өнеркәсібіне қызмет көрсету үшін университетте ғылыми-зерттеу инфраструктура құрылған, оның ішіне кіретіндер:

- 7 ғылыми-зерттеу институттары;
- Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы;
- Қазақстан-Корея инновациялық орталығы;
- Су орталығы;
- Ғылыми-білім беру орталығы, оның ішіне техникалық микробиология; азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздік технологиясы; азық-түлік өнімдерінің физика-химиялық және реологиялық қасиеттері; топырақ пен қоршаған ортаны кешенді талдау зертханалары кіреді;
- Тұрақты егін шаруашылығы орталығы.
Интеграция саласында университет шетелдік ғылыми-зерттеу институттарымен, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы мен білім және ғылым министрліктерінің ғылыми-зерттеу институттарымен бірігіп зерттеулер жүргізеді.

2014-2016 жылдар аралығында шетелдік ғылыми-зерттеу институттарымен бірігіп, мынадай ғылыми жобаларды жүзеге асыруда:

1. Турция. Жүгері мен бидайды жақсарту халықаралық орталығымен (СИММИТ) «Жаздық бидайдың шірік тамырлар мен топырақ немтодтарына қарсы тұру  көздерін, қауіптілігін бағалау» жобасы.
2. АҚШ. Иллинойс университетімен «Алма ағашын құрттардан қорғаудың біріктірілген жүйесін жетілдіру» жобасы.
3. Латвия. Латвия ауыл шаруашылық университетімен «Тағам қауіпсіздігі бойынша антибиотиктің қалдық мөлшерінің мал өніміне әсері» жобасы.
4. Польша. Польша өсімдікті қорғау ҒЗИ-мен «Ауыл шаруашылығы мен медицинаға арналған жаңа биотехнологиялар» жобасы.
5. АҚШ. Солтүстік Дакота университетімен «Кешенді машиналар дамыту арқылы көкөніс өнімдерін өндіруді қарқындату» жобасы.
6. Италия. Флоренция университетімен «Жүгері сотасын кептіру процесін қарқындату» жобасы.
7. Франция. Ауыл шаруашылығының Халықаралық орталығы (СИРАД) «Түйе сүті» жобасы.
8. Болгария мен Польша. Ангели Кинчев атындағы Русин университеті мен Варшава аграрлық университеті бойынша «Энергия үнемдеу және энергия тиімді технологиялар».
9. Словения. Люлянский университетімен «Жайылым жерлерді сумен қамтамасыз ету»
10. Венгрия. Қазақстан шартына қарай кыпшақ сұр ірі қара малын жандардыру жобасы. 

Сонымен қатар, еліміздің ғылыми-зерттеу институттарымен де бірігіп жұмыстар атқарылуда:

- Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп дайындау ҒЗИ- мен «Селекциялық процесінде басқару жүйесін жасау және оның етті мал шаруашылығында қарқынды дамыту»;
- «Селекциялық процесінде басқару жүйесін жасау және оның қой және ешкі шаруашылығын қарқынды дамыту»;
- «Етті мал шаруашылығын қарқынды дамыту технологияларын жасау»;
- «Сүтті мал шаруашылығын қарқынды дамыту технологияларын жасау»;
- «Селекциялық процесінде басқару жүйесін жасау және сүтті мал шаруашылығында қарқынды дамыту»;
2. Қазақ ветеринариялық ҒЗИ-мен:
- «Аса қауіпті, зооантропаназды және эмерджентті инфекцияларға (аусыл ауруы, құтыру, Шмалленберг аурыу, бютанг, сібір жарасы) мониторинг жүргізу үшін эпизоотикалық көрсеткіштерді жасау және ҚР аумағын эпизотиялық жағдайының ушығу дәрежесіне қарай аудандастыру», сомасы 20,0 млн. теңге.
3. У. Успанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ-мен:
- Дақыл өнімділігін және топырақ құнарлылығын арттыру, тыңайтқыштар мен биопрепараттарды кешенді пайдалану.
4. Қазақ орман шаруашылығы ҒЗИ- мен:
- «Орман ресурстары мен орманның экожүйелік қызметін кешенді экономикалық бағалау (Ақмола облысы бойынша)».
5. Қазақ егін шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы ҒЗИ- мен:
-  «Қазақстанның оңтүстік- шығысындағы тозған суармалы жерлерді жақсарту үшін агробиологиялық және огромелиорациялық әдістері».
6. Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ҒЗИ- мен:
- «Еуропалық стандартқа сай тез пісетін, стресске қарсы тұра алатын көшеттердің және Книп-Баум әдісін, Tray и Plug технологиясын, тамшылап суаруды пайдалану арқылы алынған қарқынды жеміс бақтарының өнімділігін арттыру».
7. Қазақ балық шаруашылығы ҒЗИ- мен:
- «Балық шаруашылығы негізінде өсірілген құнды балық түрлерін ихтиопатологиялық және микробиологиялық бағалау»
 
 

 
 
Соңғы жаңалықтар Танымал Оқылған Жаңалықтар мұрағаты
ТМД кеңістігінде аграрлық білімді жаңғырту
Жарияланды: 23 маусым, 2016 | Қаралғандар: 27
21-23 маусым күндері аралығында ТМД-ның жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің отырысы табысты өтті.  
Мекен-жайымыз:
Казахстан, 050010 г. Алматы, ул. Абая, 8, 3 корпус, каб.204 ПН-ПТ с 9 00 до 18 00.