Стратегиялық дамыту департаменті қосылған, университеттің жаңа құрылымы бекітілген.

Стратегиялық басқару департаментінің міндеттері мен мақсаты жасалған.

Міндеті: "Биоресурстар мен табиғатты пайдалану саласында инновациялық генерация орталығы ретінде тұрақты даму университетінің үздіксіз үдерісін қамтамасыз ету және дәрттендіру".

Мақсаты: "Жобаны басқарудың халықаралық стандарттарға негізделген,  Қазақстан Республикасының жоғарғы білім жүйесіндегі инновациялық кеңістігінде ҚазҰАУ-ды ҚазҰАЗУ-ға трансформациялау үдерісінде ұйымдастырушылықты және әдістемелікті қамтамасыз ету".

«ҚазҰАУ-ды ҚазҰАЗУ-ға трансформациялау стратегиялық картасын іске асырудың» бесінші қадамы бойынша мынадай жұмыстар атқарылған:

- ҚазҰАУ дамуының 5 басымдылығы бойынша  ұлғайтылған желілік кестесінің жоба портфелін ұйымдастырудың басты мақсаты трансформацияның стратегиялық картасын жасау. Білім және өндірістік, аграрлық ғылымның интеграциясын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені ұйымдастырылуда.

Желілік кестенің бірінші қадамы болып стратегиялық мақсатты және пилоттық кафедралардың трансформация көрсеткіштерін жасау.

Бесінші қадам-трансформацияның стратегиялық картасын жасау.

«Халықаралық ғылым-білім кеңістігіне  динамикалық интеграция»-ҚазҰАУдың дамуының  үшінші басымдылығын жүзеге асыру шегінде халықаралық деңгейдегі семинарға дайындық басталды. Семинардың қорытындысы бойынша Халықаралық ғылым-білім конфедерациясының жасалуы ойлыстырылуда.

2011 жылдың 8-15 қыркүйек аралығында «ҚазҰАУды ұлттық зерттеу универститетіне трансформациялау үшін жобаларды басқару және теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының жобаларды басқару Одағымен жұмыс сессиясы түрінде оқу консалтингі өткізілді.

Оқу консалтингінің жұмысына қатысқандар:

  • Стратегиялық дамыту департаменті
  • Пилоттық кафедралар
  • Факультеттер декандары
  • Халықаралық байланыс және академиялық желілік департаменті
  • Академиялық мәселелер бойынша департамент
  • Қазақстан-жапон инновациялық орталығы

Консалтинг барысында қарастырылғаны:

  • Ұйымдастырудың көрінісі
  • Стратегия: түсінігі мен үлгісі
  • Стратегиялық мақсаты. SMART –үлгісі
  • Стратегиялық карта. Тағайындау және белгілеу тәртібінің құрылымы.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Алматы қаласы, Абай даңғылы 8-ші үй, 050010
Ректордың қабылдау бөлмесі: +7(727)264 24 09, +7(727)262 19 48
Қабылдау комиссиясы: +7(727)264 06 13, +7(727)264 08 54
Канцелярия (факс): +7(727)262 11 08
e-mail: info@kaznau.kz
cm